ШҚО-да өзендегі мұзды жарып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да өзендегі мұзды жарып жатыр

06.03.2019

Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде мұздарды жара бастады. Бұл жұмыстар көктемгі сең жүру кезінде кептеліске жол бермейді. Мамандар алдымен өңірдегі қауіпті орындарды анықтаған. Тасқынға тосқын шаралары Шемонайха және Алтай ауданынан басталды. Бұл аудандар үшін Уба өзені қауіпті болып тұр. Оның белгіленген жерлерінде арнайы мамандар бірнеше жарылыс жасады. Жұмыс кезіндегі қауіпсіздікке аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жауап береді. Мұндай алдын алу шаралары облыстағы басқа өзендерде де жүргізіледі.

Анастасия Скляр, Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы:

- Облыс бойынша қалың мұз қабаты 27 учаскеде анықталды. Олар Ертіс өзенімен, Уба, Бұқтырма, Қалжыр, Күршім өзендерінде орналасқан. Сондықтан осы аймақтарда міндетті түрде  алдын алу шарасы ұйымдастырылады. Өйткені,  мұз кептелісі өзен ағысын тежеп, арнадан асырып жіберуі ықтимал.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу