Басты Жаңалықтар Әділетті қоғам азаматтық жауапкершіліктен басталады

Әділетті қоғам азаматтық жауапкершіліктен басталады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабында әділетті қоғам әрбір азаматтың өзінен, отбасындағы тәрбиеден, заңға деген құрметтен басталатыны баяндалады.

Яғни азаматтық жауапкершіліктің маңызына ден қояды. «Ең алдымен әрбір адам заң талаптарын қатаң сақтауы керек. Тәртіп пен жауапкершілік болмаған жерде шын мәніндегі әділет те болмайды. Ел тағдырына бей-жай қарамай, азаматтық белсенділік таныту да маңызды. Бастысы, еңбек етіп, қоғамға пайдалы іс атқару қажет». Мемлекет басшысының кітабын талқылап жүрген еңбек ардагерлерінің ойы осыған саяды.

Мынатаубиік Әнесов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Конституция құндылығы, заң мен тәртіп, тіл, ұлттық құндылықтар, әдеп пен тәрбие – осы бағыттарда үлкен тараулары бар, соны әрбір кездесуде, халықпен сұхбатта толық пайдаланамыз. Санамен жұмыс істеу оңай емес. Дей тұрғанмен, ел болып, тек басшылар ғана емес, қосшылар да болып, санамызды ретке келтіру бағытында істелінетін жұмыстар өте көп.

Бөлісу