Басты Жаңалықтар Жазғы дөңгелекпен жолға шыққан 700-ден аса көлік кері қайтарылды

Жазғы дөңгелекпен жолға шыққан 700-ден аса көлік кері қайтарылды

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты өткен түнде жазғы дөңгелекпен жолға шыққан 700-ден астам көлік кері қайтарылды.

Полицияның мәліметінше, шектеулер «Астана – Щучинск», «Астана – Шідерті – Павлодар» және «Көкшетау – Атбасар» бағыттарында енгізілді. Сондай-ақ қауіпсіздік мақсатында республикалық тасжолдардың жекелеген учаскелерінде жылдамдық режимі төмендетілді.

Ержан Қошқарбаев, облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

Ауа райының күрт нашарлауы, көк тайғақ және жолдағы күрделі жағдай туралы бірнеше рет ескертуіне қарамастан кейбір жүргізушілер жазғы шинамен жолға шығуды жалғастыруда. Өткен тәулік ішінде 3 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның ішінде екеуі тек мүліктік зақым келтірумен аяқталса, өкінішке орай 1 жол-көлік оқиғасында бір адам қаза тапты.

Бөлісу