Басты Жаңалықтар Палестиналықтар тұрып жатқан 70 мың шатырды су басты

Палестиналықтар тұрып жатқан 70 мың шатырды су басты

Газа секторында Израильдің шабуылдарынан үйсіз қалған палестиналықтар тұрып жатқан 70 мың шатырды су басты. Палестиналық анклавта 12 сағат бойы тоқтамастан нөсер жауын жауған. Одан келген материалдық шығын көлемі шамамен 3 млн долларға жеткен. Қабырғалар құлап, адамдар жараланды. Төсек-орын, киім-кешек пен басқа да ең қажетті деген заттар жарамсыз болып қалған. Күн суытып, жағдай онсыз да қиындады. Гуманитарлық ұйымдардың мәліметінше, Газаның 2 миллиондай тұрғынына шатыр жетіспейді.    

Бөлісу