Басты Жаңалықтар Елдегі су инфрақұрылымдарын жаңартып жатыр

Елдегі су инфрақұрылымдарын жаңартып жатыр

Елімізде жалпы ұзындығы 4 мың 600 шақырымнан асатын 746 канал қайта жөндеуден өтіп жатыр. Су ресурстары және ирригация министрлігі биыл 964 шақырым каналды жаңартуды жоспарлап отыр. Нәтижесінде шамамен 200 мың гектар жер сумен қамтамасыз етіледі. Бұл жүйе ауыл шаруашылығында тіршілік нәрін тиімді пайдалануға, егістік алқаптарына жеткізудегі шығынды азайтуға бағытталған. Ал, 142 елді мекенді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 12  нысанының құрылысы қолға алынған. Сондай-ақ, 12 гидротехникалық құрылысты реконструкциялау мен жалпы сыйымдылығы 887 миллион текше метр болатын бес су қоймасын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу