Басты Жаңалықтар Пойыз апатынан 7 адам қаза тапты

Пойыз апатынан 7 адам қаза тапты

Мысырда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 7 адам қаза тапты. 112 адам жараланған. Апат ел астанасы Каирден 76 шақырым жерде болды. Гизадан шыққан темір жол көлігі Каирден Асуанға бара жатқан пойызға соқтығысқан. Әзірге апаттың техникалық себебі жария етілген жоқ. Оқиға орнына құтқарушылар барды. Олар рельстен шыққан, қираған вагондардың сынықтарын жинап жатыр. Сонымен бірге апат болған жерге 72 жедел жәрдем көлігі жеткен. 2002 және 2009 жылдары осы төңіректе жүздеген адамның өмірін қиған екі пойыз апаты болған еді. Мысырлықтар көлік министрінің қызметтен кетуін талап етіп жатыр.

Бөлісу