Басты Жаңалықтар Сарапшы: Әлеуметтік-экономикаға басымдық берілді

Сарапшы: Әлеуметтік-экономикаға басымдық берілді

Президенттің биылғы Жолдауының мазмұны әлеуметтік-экономикалық мәселелерге арналды. Халықаралық сарапшылар мұны Қазақстанның саяси жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту үдерісінің жалғасы деп бағалайды. Олардың пікірінше, саяси институттардың тиімділігі мен қоғамның оларға деген сенімі ең алдымен халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелердің қаншалықты шешілетініне байланысты. Сондықтан Президенттің Жолдауында инфрақұрылымды жаңарту, өңірлер арасындағы даму алшақтығын азайту, инфляцияны тежеу, халықтың табысын арттыру және шағын әрі орта бизнесті қолдау мәселелеріне басымдық беруі маңызды.

Александра Перминова, РҒА Қытай және қазіргі Азия институтының Орталық Азия зерттеулер орталығының жетекшісі:

Мазмұны жағынан Жолдау саяси мәселелерден гөрі әлеуметтік-экономикалық міндеттерге бағытталған. Меніңше, бұл Қазақстанның саяси жүйесін эволюциялық жолмен дамытудың дұрыс қадамы. Мемлекеттік институттардың тиімділігі мен оларға деген халық сенімі күнделікті өмірдегі мәселелердің қаншалықты шешілетініне байланысты. Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауында тек болашаққа арналған бастамаларды айтып қана қоймай, ел алдында тұрған нақты проблемаларды да ашық көрсетеді.

Бөлісу