Алматыда 104 жеке клиника мемлекеттік тапсырыс алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 104 жеке клиника мемлекеттік тапсырыс алды

06.03.2019

Алматыда мемлекетттік тапсырыс алған жекеменшік клиникалар саны кейінгі екі жылда екі есе артты. Биыл 104 жеке емхана халыққа тегін қызмет көрсетуге кіріспекші. Бұл туралы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» өкілдері айтты. Олардың мәліметінше, қалада стационарлық көмек көрсететін клиникалар мен консультативтік-диагностикалық жәрдем беретін субьектілер де көбейді. Осының нәтижесінде, науқастарға қызмет көрсету уақытын 20 пайыз, сағаттап тұратын кезекті 30 пайызға қысқарту жоспарда бар.

Тілеухан Әбілдаев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалының директоры:

- Алматы қаласында биыл халыққа 77 емхана қызмет көрсетеді. Емхана бұл поликлиникалық мекемелер. Олардың бүгінгі таңда 38-і жекеменшік. Тағыда бір айта кететін жағдай, медициналық сақтандыру қоры келер жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде көрсетілетін қызмет ақысын төлеуге кіріседі. Бүгінгі күнге дейін қорға 149 млрд. теңгеден астам қаржы түскен.

Аманкелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу