«Қоғам, мемлекет және бизнестің серіктестігі арқылы тұрақты даму». Өскеменде осындай атаумен әлеуметтік кәсіпкерлердің форумы өтті. Шара барысында мемлекеттік емес сектордың халыққа әлеуметтік қызметтер көрсетуі, осы саладағы шағын және орта бизнесті қолдау тақырыбы талқыланды.
Сондай-ақ, елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікке қолдау көрсету бойынша ұсыныстар да айтылды. Жиынға қатысушылар аймақтағы әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешудің жаңа тәсілдерін де әңгімеге арқау етті. Форумға шақырылған сарапшылар әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша өңірлік және жаһандық тәжірибе туралы айтып берді. Олардың пікірінше, әлеуметтік кәсіпкерлікпен кез келген салада айналысуға болады.
Әлия Жігітаева, «NIET WOMAN» әйелдер бастамасы қауымдастығының төрайымы:
- Әлеуметтік кәсіпкерлердің басты мақсаты ақша табу емес, олар әлеуметтік проблемаларды шешуге көмектеседі.
Берік КӨШЕРБАЙ