Көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржы берілетін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржы берілетін болды

04.03.2019

Съезде Елбасы айтқан ауыл аймақта тұратын көпбалалы аналаларға жеке кәсіп ашуы үшін қайтарымсыз несие берілетіні ауылдағы ағайынды қуантып тастады. Яғни, мұндай іске талаптанған әйелдер үшін мемлекет 500 мың теңгеге дейін грант қаржылар берілмек. Мұндай қолдау шаралары көпбалалы отбасылардың табысын арттырып, аналардың үйде отырып-ақ алаңсыз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Мемлекетің қаржылай қолдауы Жазираның  көптен ойында жүрген кәсібін бастауына негіз болғалы тұр. Көпбалалы ана  тілі кешеуілдеп шығатын немесе мүкісі бар балаларға арналған орын ашуды көптен ойлап жүрген-ді. Арнайы мамандардың көмегімен орталықта оқыту, тіл түзету, емдік шаралар жүргізуді  ұйымдастырмақшы.

Жазира Тұрсынбекова, көпбалалы ана:

- Тіл мүкістігі бар балаларға арналған дефектологиялық, логопедтік орталықтар ашқым келеді. Бізді қуантқан жағдай қайтарымсыз берілетін несие болып тұр. Егер соған қол жеткізсем, мен де өз бала шағамның болашағы үшін ойланбай іскі кірісп кетер едім.

Ал Талшын Сүйінбаеваның кәсіп бастағанына біраз болды. Әлеуметтік қолдаудың арқасында бұған дейін тігін шеберханасын жасақтап алған. Ісмер жұрттың тапсырысына қарай  құрақ жастық пен көрпе тігеді. Ұзатылар қыздың жасауын істейді. Енді кәсібін кеңейтпек ниетте. Қаржылай қолдау болса, тігін машинесін жаңартып, өзге де керек-жарағын сайлап алмақ. 

Талшын Сүйінбаева, көпбалалы ана:

- Біраз уақыттан бері міне, осы іспен айналысып келемін. Алдағы уақытта тағы да әлеуметтік көмекке тағы ақша берілген жағдайда екінші қайтара алып одан әрі жандандырғым келеді.

Түркістан облысында Жазира мен Талшын секілді 134 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Оның 51 мыңы «Алтын» және «Күміс алқа» иегері. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілгі  кәсіп бастағысы келетін көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін биыл 5 мыңнан астам микронесие беруді көздеп отыр. Кәсібін өрге дөңгелету үшін аналарға қажетті мамандықтар бойынша ауылды жерлерде бизнес-курстар да ұйымдастырылады. Оны меңгеріп шыққандардың үйінде отырып-ақ  киім тігу, нан пісіру секілді жұмыс істеп, табыс табуына мүмкіндігі болады. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу