Павлодардағы электролиз зауытында бір жұмысшы мерт болды
Оқыс оқиға. Павлодардағы Қазақстан электролиз зауытында 32 жастағы жұмысшы мерт болды. Ол электрик қызметін атқарған. Жазатайым жағдай кеше таңертеңгілік уақытта болды. Дәл осы кезде ақ қалайы тотығын балқытатын электролиз цехындағы кранды басқа жерге жылжыту жұмыстары жүріп жатқан. Марқұм жедел жәрдем қызметі жеткенге дейін жан тапсырды. Қазір Еңбек департаменті оқиғаның анық-қанығын тексеріп жатыр.
Асқар Қапанов, облыстық Еңбек департаментінің басшысы:
- Алдын ала айтылған деректерге қарағанда құрал-сайман салынған арба жылжып кетіп, электрикті соққан. Бірақ марқұмның нақты неден жан тапсырғанын тексерулерден кейін білетін боламыз. Ол үшін 10 күндей уақыт керек.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО Күршім ауданы экомәдениетті қалыптастырмақшы
09.11.2026, 14:18
Астанада «Соғым-fest» жәрмеңкесі басталды
09.11.2026, 14:17
Әділетті қоғам азаматтық жауапкершіліктен басталады
09.11.2026, 14:13
Жауапты азамат – қоғамды дамытудың негізі
09.11.2026, 14:12
Сарапшы: Әлеуметтік-экономикаға басымдық берілді
09.11.2026, 14:10
Пойыз апатынан 7 адам қаза тапты
09.11.2026, 14:08
Палестиналықтар тұрып жатқан 70 мың шатырды су басты
09.11.2026, 14:07
Жазғы дөңгелекпен жолға шыққан 700-ден аса көлік кері қайтарылды
09.11.2026, 14:05