Елімізде бүгін бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні аталып өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде бүгін бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні аталып өтуде

04.03.2019

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет. Елімізде бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні атап өтілді. Осыған байланысты Астаналық құтқарушылар балалар мен жастар арасында азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттау үшін арнайы шара өткізді. Сонымен қатар, азаматтық қорғау мұражайына экскурсия ұйымдастырды. Балалар техникалық жабдықтармен танысып, әртүрлі төтенше жағдайларда қорғаудың негізгі тәсілдерін үйренді. «Қазіргі уақытта әр түрлі табиғи және техногендік оқиғалар мен төтенше жағдайлардың пайда болу қаупіне қатысты осындай іс-шаралардың маңызы зор», - дейді ұйымдастырушылар.

Ерсұлтан Тұрмаханов, Төтенше жағдайлар комитеті Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері:

- Біздің аумақтың бөлімшелердің ұйымдастыруымен барлық мектептерде, барлық жоғары оқу орындарында неше түрлі агитациялық іс-шаралар өтуде. Ол ашық-сабақтар, интерактивті сабақтар, одан бөлек, ашық есіктер күні, осындай азаматтық қорғау музейлеріне барып, азаматтық қорғанысының тарихымен таныстыру.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу