Театр әртістерінің жалақысы өседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Театр әртістерінің жалақысы өседі

01.03.2019

Елімізде 17 мың теңге айлық алатын жұмысшылар бар. Олар театр әртістері. Яғни, олар ең төменгі жалақыға жұмыс істейді. Алдағы уақытта осы төмен жалақының 30 пайызға көтерілуі, мәдениет саласы мамандарының еңсесін бір көтеріп тастады.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат құралдарының кәсіподақ төрайымы Светлана Иманқұлова бұл қуанышын кәсіподақтар федерациясының кеңейтілген отырысында жеткізді. Төрайымның айтуынша, бұл өзекті мәселені бірнеше рет көтеріп, министрлікке хат жазған. Алайда, олардан ешқандай нақты жауап келмеген. Содан кейін өткен жылы желтоқсанның басында кеңес мүшелерінің шешімімен Президентке хат жолдаған екен. «Сол хаттың нәтижесін «Nur Otan» партиясының съезінде естідім», деген ол қарапайым еңбек адамы дауысының жоғарыға жеткеніне қуанғанын айтады. Театр саласы мамандарына қойылатын талап бойынша, жаңадан бітіріп келген жас мамандар кемі 1-2 жыл еңбек етуі керек. Бірнеше санаттан өткеннен кейін ғана, базалық жалақыға қосымша үстемақы қосылып отырады.

Светлана Иманқұлова, ҚР Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат құралдарының кәсіподақ төрайымы:

- Жаңадан келген мамандарымыз 17679 теңгеге оған қосымша айлық қосылып, 30-35 мың теңге көлемінде ғана айлық жалақы алады. Енді айлықтың өсетініне қуаныштымыз.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу