Павлодарда іскер әйелдердің аймақтық форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда іскер әйелдердің аймақтық форумы өтті

01.03.2019

Шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысуда. Делегаттар нәзік жан иелерінің әлеуметтік статусын көтеру, еңбек нарығында гендерлік тепе-теңдікті қалыптастыруға қатысты мәселелерді талқылады.

Мәселен, қазіргі уақытта ел тұрғындарының 52 пайызы - әйелдер. Олар қай салада болмасын, жұмысты жатырқамай істейді. Жұмыстан қол үзбей отбасы құндылығын сақтай білген аналар қаншама. Солардың бірі - Зейнегүл Арынова. 4 баланы бағып-қағып, тәрбиелеумен қатар 20 жылдан бері орман күзетінде. 

Зейнегүл Арынова, көпбалалы ана:

- Көпбалалы аналардың өздері қоғамның үрдісінен қалыспай қазіргі күнде табысты еңбек етіп отырған аналар бар. Біздің орман шаруашылығын алатын болсақ, 30 пайыздан асады әйелдер.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу