Үндістаннан 20 Қазақстан азаматы елге қайта алмай отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістаннан 20 Қазақстан азаматы елге қайта алмай отыр

01.03.2019

Үнді елі мен Пәкістан арасында қазір әскери-саяси ахуал шиеленісіп тұр. 3 күннен бері Пәкістанның әуе кеңістігі жабық. «Осыған байланысты қазақстандық туристердің жоспарланған рейстері кейінге шегеріліп, олар қонақүйлерге орналастырылған. Ешқандай қауіп жоқ»,-деп мәлімдеді Сыртқы істер министрлігі. Қазақстанның Үндістандағы елшілігінде тәулік бойы жұмыс істейтін арнайы штаб құрылған.

Тауболды Үмбетбаев, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры:

- Бүгінгі күні өзіміздің азаматтардан 20-сы ғана қалды. Олардың 19-на билеттер 3-4-не ауыстырылды деген хабар алдым. Тек біреуі ғана түн ішінде ұшып кетуі мүмкін. Қонақүйлерге орналастырылып, тамақтандырылып, барлық мүмкіндіктер жасалынды.

Осы жағдайларға байланысты Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын жағдай ушығып тұрған бұл екі елге әзірге сапарламауға шақырып отыр.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу