Тұрмыстық қалдықтар қайта өңделмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрмыстық қалдықтар қайта өңделмек

01.03.2019

Финляндия - қалдықтарды қайта өңдеп, оларды пайдаға асыруда алдыңғы қатарда тұрған ел. Сондықтан біздің олардан үйренеріміз көп.

Қазақстан мен Финляндия сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі Үкіметаралық комиссияның XI отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай деді. 2018 жылы мемлекеттердің сауда айналымының көлемі 265,8 млн АҚШ долларына жеткен.

Жиында делегаттар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестігінің одан әрі даму мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, экономика, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, байланыс және денсаулық салалары сөз болды.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Финляндияда қалдықтарды өңдеу жақсы дамыған. 100 пайызы өңделеді. мәселен бізде қатты заттардың 10 пайызы өңделеді.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу