Басты Жаңалықтар Семейдегі саяжайларды су басты

Семейдегі саяжайларды су басты

Семейдің Мирный ауданындағы саяжайларды су басты. «Мұндай жағдай соңғы 4-5 жылдан бері қайталанып келеді»,-дейді тұрғындар.

Қазір аумаққа жайылған су қатып қалған. Кей жерлерде мұздың қалыңдығы 1 метрге дейін жетіп, үйлердің ішіне дейін кіріп кеткен. Іргелес жатқан жекеменшік секторға да тарай бастапты. Сондықтан тұрғындардың кейбірі көшуге мәжбүр. Жұрттың айтуынша, бұл аумақта бұрыннан жер астынан шығатын су көздері бар. Соңғы жылдары ретсіз салынған құрылыстардың кесірінен олардың арналары бітеліп жатыр. «Ал, жергілікті әкімшіліктен әзірге мардымды көмек болмай тұр»,-дейді халық.

Сапура Бапимова, зейнеткер:

- Жерқойманың асты су. Картоп қоя алмаймыз. Ептеп сүртіп жатырмын. Ешқайда барған жоқпын. Екі жыл болды. Балаларыңыздың үйіне бар дейді. Мен басқа үйге бармаймын.

Асан Дүйсенбаев, Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы сектор меңгерушісі:

- Қазіргі кезде Семей қаласының көгалдандыру-көркейту мекемесінің мамандары ол жерде арықтарды қалыпқа келтіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл мәселе Семей қаласы әкімдігінің бақылауында болады.

Ержан ЖАҚЫП

Бөлісу