Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 36 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Ол «Облыстың жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларымен алдын ала сыбайласып, қаржыны қалтасына басты деп айыпталып отыр.
Күдіктілер мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған кресло-арбаларды көтеріңкі бағамен сатып алған. Қазіргі таңда күдікті және онымен сыбайлас болды деген 3 адам қамауға алынды.
Арман Бердалин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры:
- Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті төрағасының м.а. қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол деструктивті радикалды ағымдарды радикалды көзқарастан арылту бойынша әдістемелік оқу құралдарын жасау және шығару бойынша атқарылған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы 1,9 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын ысырап етуде күдікті деп танылуда.
Ғабит БӨКЕНБАЙ