Басты Жаңалықтар Кәсіпкерлердің қолын байлайтын салық ережелері талқыланды

Кәсіпкерлердің қолын байлайтын салық ережелері талқыланды

Кәсіпкерлердің қолын байлайтын салық ережелері Көкшетауда өткен жиында сөз болды. Айталық, қарызы бар кәсіпорынның бұғатталған мүлкін жеке сот орындаушы арқылы сатып алған үшінші тұлға ол мүлікті атына аудара алмай қиналады. Сот шешімі оның пайдасына шешілсе де, жүйе автоматты түрде қайтадан шектеу қоя береді. Осылайша адал сатып алушы өзінің меншік құқығын уақытылы пайдалана алмайды. Ақмола облысында өткен жылы 15 кәсіпкер осындай жағдайға байланысты шағымданған. Бұғатталған мүліктердің саны - 500-ге жуық. Олардың басым көпшілігі - көліктер

Шыңғыс Темір, Ақмола облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

- Кеңес отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік кірістер комитетіне салықтық ақпараттық жүйеге түзетулер енгізу туралы ұсыныс жолдау шешімі қабылданды. Біз мүлікті борышкерден салықтық қарызы жоқ тұлға сатып алса, онда бұғаттау алыну керек деп есептейміз.

 Ермек ЕЛБЕРГЕН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу