Басты Жаңалықтар Семейде төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ететін жаңа әскери бөлім жасақталды

Семейде төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ететін жаңа әскери бөлім жасақталды

Ұлттық Ұланның осыған дейін Алматы облысының Жамбыл ауданында орналасқан 68303 бөлімі Семейге көшірілді. Жүргізілген сараптамалар нәтижесінде және соңғы жылдары шығыс өңірінде табиғи апаттардың көп болуына байланысты осындай шешім шығарылған.

Жеке құрам Шығыс Қазақстан, Павлодар облысының төңірегінде төтенше жағдайлар кезінде халыққа қызмет етеді. Әскери бөлім арнайы техникалармен, білікті мамандармен қамтылған.

Асхат Қапалбеков, ҚР Ұлттық Ұланы 68 303 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

- Қайықпен, көптеген техникалармен қамтамасыз етілген. Енді осы Шығыс Қазақстан облысында кез келген уақытта көмектесуге әрдайым дайынбыз.

Ержан ЖАҚЫП

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу