Басты Жаңалықтар Қазақстандық дипломат Ресейдің Свердлов облысындағы қазақ диаспорасымен кездесті

Қазақстандық дипломат Ресейдің Свердлов облысындағы қазақ диаспорасымен кездесті

Ресейдің Свердлов облысында мыңға жуық қазақ тұрады. Қандастарымыз ана тілі мен салт-дәстүрін сақтау үшін еліміздің көмегіне мұқтаж. Бұл туралы Екатеринбургтегі диаспора өкілдері Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулы Еркін Тұқымовпен болған кездесуде айтты. Жиында жергілікті қазақтардың басын қосатын «Еуразия-Қазақстан» қоғамдық ұйымының өкілдері келешекте Свердлов облысында Қазақстанның құрметті консулы тағайындалатыны жөнінде хабардар болды. Консул еліміздің осы өңірмен арадағы сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарын нығайтумен айналысады.

Екатеринбургтегі сапары барысында қазақ дипломаты осы қалада білім алып жатқан жастармен де жолықты. Қазақстандық студенттердің талап-арыздарын тыңдаған Бас консул биыл елімізде Жастар жылы деп жарияланғанын және оның аясында өтетін шаралар туралы хабардар етті.

Хурматилла Хайтбаев, Урал мемлекеттік экономикалық университетінің студенті:

- Консулдың келгені жақсы болды. Осылай келіп, студенттердің жағдайын сұрап тұрса жақсы болар еді. Біздің Президенттің биылғы жылды Жастар жылы деп жариялағаны жақсы болды деп ойлаймын.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу