Таразда бейнебақылау камераларының саны 3 есе артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда бейнебақылау камераларының саны 3 есе артады

26.02.2019

Өңірде цифрландырудың жол картасы бекітіліп, тың жобалар қолға алынды. Қазір қалада 206 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Енді тағы 528-і орнатылады. Талдау жасалып, құқықбұзушылық ең көп жасалатын орындар анықталды. Қондырғылар бірінші кезекте шаһардағы мөлтек аудандар, базарлар мен халық көп жиналатын орындарға қойылмақ.

Ербол Бабаев, Жедел басқару орталығының инспекторы:

- Облыс орталығындағы ең криминогендік орындар арқылы мониторинг жүргізуге және барлық қылмыстарды жазуға болады. Бұл осы қылмыстарды ашуға барлық қажетті шараларды уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді.

Асқар Жораев, облыстық ПД Техникалық қызмет басқармасының бөлім басшысы:

- Бұл камералардың интеллектуалды бейнебақылау жүйесі бар. Оның ішінде тұлғаларды танудың биометриялық параметрлерін пайдалану арқылы адамдарды тану. Қазіргі заманғы зияткерлік функцияларға ие.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу