Оралда апатты үйдің тұрғындарына баспана берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда апатты үйдің тұрғындарына баспана берілді

25.02.2019

Осылайша құлағалы тұрған үйде жылдар бойы жан баққандар жаңа қонысқа көшті. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқасында ескі ғимарат орнына 9 қабатты жаңа баспана бой көтерген еді. Бұрынғы апатты үйде тұрған 8 отбасына пәтер кілттері табыс етілді. Ал, қалған 56 пәтер кезекте тұрғандарға және банк салымшыларына берілді.

Айта кетейік, қалада 42 апатты үй бар. Солардың 11-і бұзылып, орнына жаңа 7 нысанның құрылысы басталды. Осылайша тозған үйлер мәселесі мемлекеттік бағдарлама көмегімен шешіліп жатыр.

Валентина Скобина, қала тұрғыны:

- Бұрынғы ескі үйімде 42 жыл тұрдым. Оны апатты болғасын бұзды. Бізді басқа жерге көшірді. Орнына жаңа үй салды. Уақытша қоныста 2 жылдай тұрдық. Енді, міне, жаңа пәтерге көшіп жатырмыз. Керемет. Жып-жылы, бөлмелері кең.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу