Петропавлдағы нан-тоқаш комбинаты өз өнімдерінің бағасын 10 пайызға өсірді. Тәулігіне 18-20 тонна өнім шығаратын кәсіпорын «бұл қадамға амалсыздан бардық», - дейді. Комбинат осыдан 4 ай бұрын да шығындардың өскенін алға тартып, 6 пайызға қымбаттатқан болатын.
Осыған дейін дүкендерде 91 теңгеге сатылып келген жоғары сұрыпты нан бүгін 105 теңге болып түсті. Кей сауда орындарында 120 теңгеге дейін жеткен. Қалалық кәсіпкерлік бөліміндегілердің айтуынша, нанның бұл түрі әлеуметтік тауарлар тізіміне енбейді.
Евгения Сальникова, қалалық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
- Әкімдік сауда орындарында ұдайы әлеуметтік тауарлардың бағасына мониторинг жүргізеді. Комбинат нанға кететін шығынды есептеп, өз бағасын қойған.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.