Басты Жаңалықтар Бірнеше қайтара құқықбұзушылық жасаған адам татуласу мүмкіндігінен айырылады

Бірнеше қайтара құқықбұзушылық жасаған адам татуласу мүмкіндігінен айырылады

Яғни, қылмысына қарай жазасын толық өтеуі тиіс. Сондай-ақ, теріс қылыққа барғандар Әкімшілік кодекстің айыбын арқалағаны жөн. Бұл ұсыныстар қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасына өзгерістер енгізу мақсатында жасалып отыр.

Криминологиялық форумда заң жобасының жаңа тұжырымдамалары талқыланды. Негізгі міндет – қоғамға қауіп төндірушіні түрмеге жабу, түзелу жолына түскенді ортаға қосу. Осы ретте прокуратураға зор жауапкершілік жүктеледі. Қадағалаушы орган сүзгі қызметін атқарып, адамдар құқығын қылмыстық процесте қорғауы қажет. Сондай-ақ, заңнаманы жетілдіру ішінде табиғат қаскөйлеріне қатысты нақтыланған шешімдер бар.

Марат Ахметжанов, ҚР Бас Прокурорының орынбасары:

- Егер заңсыз аң ауласа, ол қылмыс болып саналады. Яғни, айыппұлмен құтылып кетпейді. Мұның санкциясын да күшейтіп жатырмыз.

Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасына 5 жыл бұрын өзгерістер енгізілді. Ең негізгісі – ізгілендіру жүйесі еді. Соның нәтижесінде 5 мың адам бостандыққа шықты. 64 елмен құқықтық көмек көрсету бойынша өзара келісімге келген. Аса ауыр қылмыстар 15 пайызға азайды. Дегенмен, осы аралықтар бір-біріне қарама-қайшы кей нормалар мен жалпы кемшіліктерді түзетуге кезекті рет көңіл бөлініп жатыр. Әбден зерделенген заң жобасы күз айында Парламентке жолданып қалуы мүмкін.

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу