Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні жүруі мүмкін

22.02.2019

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары «Қазселденқорғау» мекемесінің қызметкерлерімен таулы аймақтарды тікұшақпен аралап, жағдайды бақылауға алды. Зерттеу нәтижелері бойынша 1500 метр биіктікке дейін төмен таулы аймақта қар жамылғысы тұрақты. 2000-3500 метр аралығында тау баурайларында қардың қалың түсуіне байланысты қар көшкіні  болуы мүмкін. «Алайда, елді мекендерге қауіп жоқ»,- дейді мамандар. Өңірде су басу қаупі басым 100-ден астам ауыл тұрақты қадағалауға алынды.

Сейілхан Тұраров, Алматы облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

- Төтенше жағдай департаментінің азаматтарын жібердік. Жамбыл ауданы, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Іле ауданына тексеруге кетті.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу