СҚО-да көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек 2 есе өседі
Қазір Теріскейде 6 мыңнан астам жанұяға ай сайын 1,2 миллиард теңге көлемінде мемлекеттік көмек көрсетіледі. Бұл туралы облыс әкімінің есеп беру жиынында айтылды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жаман емес. Облыс экономикасының өзегі ауыл шаруашылығы болғандықтан, осы саланы дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.
Былтыр аграрлық саладан түскен пайда көлемі 520 миллиард теңгеден асты. Ауыл шаруашылығын әртараптандыру бойынша республикада ең үздік деп танылды. Сонымен қатар, облыста әлемдегі ең ірі қалайы кен орнын игеру жұмыстары да қолға алынды. Өнеркәсіп саласына да былтыр 6,7 миллиард теңге құйылып, ірі зауыттар жұмысы жанданды.
Ескендір Елеусізов, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы:
- Біздің облыс әр сала бойынша алдыңғы қатардан көрініп жүр. Ел экономикасы дамыған сайын бұл үрдістер жоғарылай беретіні сөзсіз.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы