Семейде қар шығаруға қаржы жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде қар шығаруға қаржы жоқ

21.02.2019

Қар шығаруға қаржы жоқ. Семейде биыл қар жылдағыдан 2,5 есе көп түскен. Сондықтан, жер үйлер орналасқан 50 көшені су басуы мүмкін. Қазірдің өзінде қаладан  40 мың текше метр қар шығарылған. Ол үшін жоспарланған 43 млн теңгенің басым бөлігі жұмсалып қойыпты.

Енді мамандар бюджеттен тағы қосымша 50 млн теңге  бөлуді сұрап отыр. Қаланы қардан тазалау қарқынды әрі жедел түрде жүргізуі тиіс,-дейді мамандар. Жұмыс сапалы болуы үшін, әрбір арнайы техникаға GPS қондырғылар да орнатылмақ.  

Нұрлан Серғазинов, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі бастығының орынбасары:

Болжауымызша сұралған қаржыны толықтай берілмеуі де  мүмкін. Сонда да біз қала көшелерін тағы бір зерттеп, ең қауіптілерін анықтап жатырмыз. Қар өте көп түскендерін, су басуы мүмкін деген көшелерді,  толықтай болмаса да шама келгенше тазартамыз,-деп отырмыз.  

Ержан ЖАҚЫП

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу