ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев тәрбие құрылымдарының офицерлерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев тәрбие құрылымдарының офицерлерімен кездесті

20.02.2019

Кез келген жағдайға дайын болу, әскери тәртіп пен мамандардың біліктілігі, жүктелген міндетті мінсіз атқару әрқашан ерекше назарда. «Сондықтан тәрбие ісімен айналысатындарға деген талап күшейе түсті», - деп атап өтті әскери ведомство басшысы.

Қорғаныс министрлігінің жұмысына Елбасы да оң бағасын берген. Сала мамандары бұл жетістікпен тоқталып қалмайтындықтары анық. Шара барысында тәрбие құрылымдарының атқарған жұмыстарына баға беріліп, алдағы жұмыстары жоспарланды. 

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

- Әскери тәртіпті нығайту, ұжымдағы моральдік психологиялық жағдайды оңалту, қоғамдағы әскердің келбетін жақсарту тапсырмалары жүктелген. Біздің басты міндетіміз - жоғары жауынгерлік әзірлікті қамтамасыз ету, мықты әскери тәртіп орнату және бағынышты адамдарға қамқорлық көрсету.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу