Теміртаудағы өндірістен бөлінетін зиянды қалдықтар 2 есе азаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртаудағы өндірістен бөлінетін зиянды қалдықтар 2 есе азаяды

20.02.2019

Алдағы 4 жылда Теміртаудағы өндірістен бөлінетін зиянды қалдықтар мөлшері 2 есе азаяды. Бұл туралы компанияның бас директоры Парамжит Калон мәлімдеді. «Қазір қоршаған ортаны ластап жатқан өндіріс қалдығының 77 пайызы дәл осы металлургиялық комбинаттан шығады»,-дейді мамандар. Алып кәсіпорын жылына 200 мың тонна зиянды затты ауаға ұшырады. Оның 50 пайызы - көмірқышқыл газы. Бұл көрсеткішті азайту үшін компания басшылары 2 миллиард доллар қаржы бөліп отыр. Оған газ бен шаңды сүзгіден өткізетін бірнеше заманауи қондырғы орнатылмақ.

Сондай-ақ, өндірісті жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Мәселен, биыл жылу электр орталығының түтін шығатын құбыры жаңартылады. Экологиялық жобалар толық жүзеге асқанда барлық көрсеткіштер халықаралық талаптарға сай болады, - дейді компания өкілдері. 

Парамжит Калон, компанияның бас директоры:

- Металлургиялық комбинаттың салынғанына 70 жылға жуықтады. Бұл аралықта кез келген зат тозады. Алпауыт кәсіпорынды бірден жаңғырту, жаңарту мүмкін емес. Мұндай ірі жобаны жүзеге асыруға біраз уақыт керек, қыруар қаржы қажет. Сондықтан сәл күте тұруға тура келеді. 2030 жылы экологиялық жобаларды толық аяқтап, халықаралық стандарт деңгейіне шығамыз деген жоспарымыз бар.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу