ШҚО-да көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары балабақшаға тегін барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары балабақшаға тегін барады

19.02.2019

Сондай-ақ, олардың әр баласына мектеп формасы беріледі. Бұл үшін облыс бюджетінен 500 миллион теңге қаржы қосымша бөлінбек. Өзінің жеке кәсібін ашуға ниет білдіретін көпбалалы отбасылардың шағын несие алуға да мүмкіндігі мол. Ол үшін облыс бюджетінен 337 миллион теңге бөлінеді. Оның бір ерекшелігі – несиенің 85 пайызы мемлекеттің кепілдігімен беріледі. Қайтарымсыз негізде гранттар беру үшін 68 миллион теңге қарастырылған. Сонымен қатар, көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 4200 бала колледжде тегін оқиды.

Мадина Санбаева, көпбалалы ана:

- Оқу грантары бөлінеді деді, ол - басты мәселе. Балабақшаға тегін барады, мектеп формасын алады.  Біз оған қуаныштымыз.

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу