Қазір қалада сол соғысқа қатысқан 2716 ардагер бар. Ал, биыл Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына - 30 жыл. Осыған орай ардагерлер алматылық оқушылармен кездесті.
Алатау аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған шарада майдан даласында от кешкен жауынгерлер бастан өткен қиындықтарды айтып берді. «Ерлікке тағзым» атты ашық сабақта елді қорғау мен батырлық тақырыбында фильмдер көрсетілді. Патриоттық әндер шырқалып, рухты жырлар оқылды. Сондай-ақ, ардагерлер шәкірттерге алғашқы әскери құжаттарын табыс етті.
Алмасбек Айдарбаев, Ауған соғысының ардагері:
- Ауған соғысында Қазақстаннан 22269 адам кетті. Соның ішінде мыңға жуығы қайтыс болды, мыңға жуығы мүгедек болып келді. 21-і жоғалып кеткен.
Аманкелді СЕЙІТХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.