Басты Жаңалықтар Талдықорғанда мемлекеттік қызметті кәсіби деңгейге жеткізу мәселелері қаралды

Талдықорғанда мемлекеттік қызметті кәсіби деңгейге жеткізу мәселелері қаралды

Екі бөлімнен тұратын алқа мәжілісі бұл жолы ерекше форматта ұйымдастырылды. Басқосуға қатысқан қоғамдық ұйым өкілдері, БАҚ қызметкерлері мен блогерлер мемлекеттік органдардың жұмысына баға беріп, халыққа көрсетілген қызметтердің сапасын арттыруға қатысты пікірлерін ортаға салды.

Жалпы, Алматы облысында 8 мыңдай мемлекеттік қызметкер бар. Өткен жылы олардың 73 пайызы меритократиялық қағидатпен төменгі лауазымнан жоғарғы лауазымға көтерілген. Бүгінгі таңда өңірде мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс көлеміне қарай жалақысын өсіру мәселелері қаралып жатыр.

Серікбай Нұрғисаев, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Алматы облыстық департаментінің басшысы:

- Басқарма басшылары, аудан әкімдері тікелей шығып, осылай президиум арқылы емес, үлкен трибунаның артына тұрып алып, бір жақты айту ғана емес, диалог форматында болса, ақылын тыңдап жатса, ол жемісін береді деп ойлаймын.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу