БҚО-да су тасу қаупі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да су тасу қаупі бар

14.02.2019

Батыс Қазақстанда биыл қар 3 есе мол түсті. Облыс орталығы мен өңірдің Тасқала, Қазталов, Бәйтерек аудандарында тасқын қаупі бар. Қаланы, саяжайлар маңын су басуы мүмкін. Ол аумақта қазір 14 мыңнан аса адам тұрып жатыр. 5 мыңы - балалар.

Мамандар өзендердегі ылғал қоры да 2 есе мол екенін айтады. Әрі трансшекаралық су бассейні саналатын Жайық, Қараөзен мен Сарыөзенге Ресей су қоймаларынан қосымша су жіберіледі. Қазір құзырлы органдар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.

Жасұлан Жұмашев, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

- Былтыр біз 100 мың текше метрден астам қарды шығарып едік. Биыл 700 мың кубтан асып кетті.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу