«Әділет» партиясы 100 мың ЖИ маманын дайындамақ
5 миллион азаматқа жасанды интеллект негіздерін үйретіп, 100 мың маман даярлау. «Әділет» партиясы 2031 жылға дейін осындай ауқымды міндетті жүзеге асыруды көздеп отыр. Бұл бастама партияның ұзақ мерзімді стратегиясына енгізілген. Цифрлық басымдықтар партия алаңында өткен сараптамалық сессияда талқыланды. Жиында Президент Жолдауындағы міндеттерді орындау, жаңа жұмыс орындарын ашу және мемлекеттік қызметтерді жеңілдету жолдары пысықталды. Сондай-ақ ауыл мен қала арасындағы цифрлық алшақтықты жоюға бағытталған «Цифрлық ауыл» жобасы таныстырылды.
Қаныш Төлеушин, «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары:
«Цифрлық ауыл» жобасы аясында ауылдық елді мекендерде іске асыруды жоспарлаған 20-ға жуық нақты жобаны айқындадық. Онда сапалы интернет байланысы, қолжетімді мемлекеттік қызметтер мен заманауи цифрлық сервистер қамтылған. Алайда біздің міндетіміз мұнымен шектелмейді. Халықтық цифрлық экономика әр азаматқа табыс табуға, өз ісін бастауға және өмір сапасын жақсартуға көмектесуі керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы