Дипломаттарға Президент Жолдауының бағыттары түсіндірілді
Қазақстанның даму бағдарын дипломаттар жоғары бағалап отыр. Бүгін Президент Жолдауында айқындалған міндеттер мен реформалардың мән-маңызы еліміздегі елшіліктерге таныстырылды. Әсіресе айналамызбен өзара татулықты сақтау, өндірісті дамыту және көлік-логистика әлеуетін арттыру мәселелеріне басымдық берілді. Жаһандық тұрақсыздық күшейген шақта Қазақстан халықаралық әріптестікке есігін айқара ашқан. Өйткені бүгінгі әлемде елдің әлеуеті инвесторға ұсынар нақты мүмкіндігімен өлшенеді. Былтыр Қазақстанға тартылған тікелей капитал көлемі 14,4 пайызға өсіп, 20,5 миллиард долларға жеткен. Серіктестердің сенімі нақты ынтымақтастыққа ұласуы үшін мұндай ашы диалогтың маңызы зор, дейді ұйымдастырушылар.
Ммхаил Лабенда, Польша Республикасының Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі:
Шетелден келген серіктестермен қандай жұмыс істейтіндігін, сол туралы бізге түсініктеме берілді. Біз үшін өте маңызды. Бізде Польшадан келген инвестициялар бар. Олар өте маңызды, құрылыс, химия және фармацевтика бойынша. Осындай бағытта жұмыс істейміз. Мемлекеттен қолдау болса, ол олар үшін өте пайдалы және қажетті нәрсе.
Ульрих Кинне, ГФР Қазақстандағы елшілігінің тұрақты орынбасары:
Қазақстан – экономикасы қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Қазіргі таңда оның Германия үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін стратегиялық маңызы артып келеді. Жақында Қазақстан Президенті Германияға ресми сапармен барып, оның қорытындысы бойынша 30-дан астам құжатқа қол қойылды. Қарым-қатынасымызды одан әрі дамыту жолында сындарлы әрі жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы