Басты Жаңалықтар Трамп Газа бойынша бейбіт жоспарды жүзеге асыруға үндеді

Трамп Газа бойынша бейбіт жоспарды жүзеге асыруға үндеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьері Биньямин Нетаньяхуды Газа секторына қатысты бейбіт жоспарды жүзеге асыруға үндеді. Мұны Axios басылымы хабарлап отыр. Құжат бойынша «Хамас» қозғалысын қарусыздандыру, анклавты демилитаризациялау, Газа секторын басқаруды технократтардан тұратын жаңа үкіметке тапсыру көзделген. Бейбіт жоспарды жүзеге асыру бірнеше айға кейінге шегерілген еді. Бұған Израильдегі парламент сайлауы себеп болған.

Бөлісу