Ұлттық арна көтерген мәселе шешімін таппақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна көтерген мәселе шешімін таппақ

14.02.2019

Семейдегі Абыралы өңірінің халқы «Qazaqstan» ұлттық арнасына алғыс айтады. Арна тілшілері әбден тозығы жеткен Семей-Қайнар тасжолы туралы бірнеше рет ақпарат жариялаған. Трасса 30 жылдан бері жөнделмеген. Соның кесірінен бұрынғы атом полигонына іргелес бірнеше ауыл бейнет көріп келді. Ескірген жолдан мезі болған халық соңғы жылдары өңірден үдере көше бастаған еді. Енді бұл мәселе шешімін табады. Тасжолды жөндеуге қомақты қаржы бөлінбек.

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- 2019 жылы Семей-Қайнар автожолының 27 шақырымын және 2020 жылы 42 шақырымын жөндеуге республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп отыр. Ол қаражат 1 млрд 600 млн теңге.

Жәнібек Наурызбаев, Қайнар ауылының тұрғыны:

- Ұлттық арна келіп, түсіріп кетті. Осы мәселені көрсетіп. Ұлттық арнаға рақмет айтамыз.

Ержан ЖАҚЫП

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу