21 жастағы Айжан Қалыбекке шұғыл  көмек қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

21 жастағы Айжан Қалыбекке шұғыл  көмек қажет

13.02.2019

Шымкент қаласының тұрғыны 21 жастағы Айжан Қалыбекке шұғыл  көмек қажет. Жүрек ауруына шалдыққан науқастың өмірі қыл үстінде тұр. Оның жалғыз емі - жүрек трансплантациясы. Күрделі операция Үндістанда жасалады. Алайда, отбасының оны өтейтін қаражаты жеткілісксіз. Шарасыздыққа тап болған Айжанның достары Ұлттық арнадан қолдау сұрады.

2017 жылдың жазы. Бақытқа бөленген бұл қалындық екі жылдан кейін ауыр дертке душар болатынын ойламаған да еді. Тұрмыс құрып, кейін сәбилі болған ананың бүгінгі бар ойы – сауығып кету, 2 айлық балапанымен қайта жүздесу.

Айжан Қалыбек Алматы облысының тумасы. 21 жастағы келіншекке қазақстандық дәрігерлер "»дилатациялық кардиомиопатия» диагнозын қойып отыр. Оған шұғыл түрде жүрек ауыстыру керек. Елімізде Айжанға донор табылмады.

Ал, уақыт күттірмеді. Айжанның жүрек соғысы кез-келген уақытта тоқтап қалуы мүмкін. Дерттің дауасын іздеп Үндістанға аттанды. Қазір отбасы оның жанында. Ата-анасы қызының сауғып кетуі үшін бар мүлкін сатып жіберген. Алайда, оның еміне тағы 16 миллион теңге жетпей отыр. 

Гүлнұр Жақыпова, Айжанның құрбысы:

Үндістан мемлекетінде Дели қаласында жасалатын ота. Оның бағасы – 40 миллион теңге. Операция, донор – бүкілі соның ішіне кіреді. Оның 21 миллионын Айжанның ата-анасы, туыстары, бауырлары тапты, көлігін сатты, үйін сатты, солай жиналды. Енді бізге керегі –16 миллион теңге. Бір баласы бар, өте жанымыз ашиды, қасымызда болғанын қалаймыз.

Айжанның достары да  қолдаудан аянып қалмады. Халықтан көмек сұрайды.  Жанашыр жандар Айжанның сауығып кетуіне, сәбиімен қауышуына сәл де болсын қол ұшын созса дейді.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу