Жамбыл облысында жемқорлыққа қарсы саясат туралы монографиялық еңбек жарыққа шықты. Партия жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы Бақтияр Алдашов жазған кітаптың таралымы 1000 дана.
Орыс тілінде жазылған туындыда жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе мен мысалдары қамтылған. Жиында айтылған деректерге келсек, былтыр еліміз бойынша 1200 адам жемқорлықпен тұтылған.
Дегенмен, қылмыстың бұл түрі 34 пайызға дейін төмендепті. Бір ғана Жамбыл облысында екі жыл бұрын 177 қылмыстық іс қозғалған. Әсіресе әкімдіктер мен мемлекеттік қызметкерлер сондай-ақ, білім саласы мен мемлекеттік сатып алу ісінде жымысқы жолмен табыс табқандар көбейген.
Қасымхан Төлендиев «Нұр отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі:
Аймақтар бойынша рейтинг шығару мәселесі проблема болып тұр қазір. Сол рейтингті біз тек Қазақстан бойынша «Тарнсперейс интернешл»-дің қорытындысынан жылда аламыз. Ал, аймақ бойынша ол көп жерде бізге берілмейді. Қазақстан – әлемдік деңгейде 180 мемлекеттің ішінде 2017 жылдың қорытындысымен 122-ші орында, оның алдында 131-ші орында болған.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.