Алматыда «Ұлы әмір және донна Мария» көркем фильмін ұсынды
Алматыда Әмір Темірдің 690 жылдығына орай өзбек кинематографистері түсірген «Ұлы әмір және донна Мария» атты тарихи көркем фильмі көрермен назарына ұсынылды. Фильмнің негізгі желісінде Әмір Темірдің тарихи тұлғасы, оның билік жүргізу кезеңі, мемлекет басқарудағы ұстанымдары мен адамгершілік қасиеттері көркем бейнеленеді. Әмір Темір тұтқында болған Мажарстандық ханзаданың қызы Марияны азат етіп, еліне орлауына қолдау көрсеткен. Туындыда осы оқиға арқылы азаттық, әділеттілік, адамдық қадір-қасиет тақырыптары қозғалады. Фильм көрсетіліміне Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, фильм сценарийінің авторы Хайриидин Сұлтан және режиссер Жаһангер Қасымов арнайы қатысты. Кездесу барысында шығармашылық топ өкілдері туындының идеясы, түсірілім барысы және тарихи тақырыптың маңызы мен мазмұны жөнінде ой бөлісті.
Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы:
Кино бір үлкен өзбек деген халықтың, түркі халықтың мүмкіндіктерін, оның тарихи орынын жақсы көрсеткен. Соның ішінде қазір біздің бәрімізге қарық болып тұрған гуманизмді айтады.
Хайриддин Сұлтан, сценарист:
Тарихи деректерге сүйенсек, Әмір Темір Марияны азат етіп, сарайдан босатып, еліне қайтаруға мүмкіндік берген. Бұл – фильмде көрсетілген тарихи шындықтардың бірі.Осы оқиғадан кейін Донна Мария ұрпақтарына өсиет қалдырады. Ол Әмір Темірге алғыс айта алмағанын айтып, осы борышын кейінгі ұрпақтары өтеуін қалайды.Бұл – адамгершілік пен адам алдындағы борыш мәселесі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы