Басты Жаңалықтар «Қорқыт ата» кинофестивалінде қазақстандық туындылар үздік болды

«Қорқыт ата» кинофестивалінде қазақстандық туындылар үздік болды

Ыстанбұл қаласында өткен халықаралық «Қорқыт ата» кинофестивалінде қазақстандық екі туынды үздік деп танылды. Өрт сөндірушілердің қауіпті жұмысы туралы «38» фильмі ең үздік сценарий номинациясын иеленсе, қысқаметражды фильмдер байқауында «Әже» туындысы екінші орын алды. Ал гран приді түркиялық «Канто» фильмі еншіледі. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қолдауымен осымен алтыншы рет өткізіліп отырған фестивальге 20-ға жуық елден 56 еңбек ұсынылған. Қорқыт ата кинофестивалі бүгінде түркітілдес елдерден келген киногерлердің басын қосатын ең ірі халықаралық жүлдеге айналған. Келесі жылы фестиваль Ташкент қаласында өтетін болды.

Бөлісу