Басты Жаңалықтар Аlatau city: Қаланың 30 жылдық даму жоспары әзірленді

Аlatau city: Қаланың 30 жылдық даму жоспары әзірленді

Аlatau city-дің 30 жылдық даму жоспары әзірленді. Шаһарды дамытудың ұзақмерзімді құжаты британдық Arup компаниясымен бірлесіп дайындалды. Ауқымды жоба  Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Алатау қалалық кеңесінің отырысында қаралды. 30 жылдық жоспар қаланың кеңістіктік дамуының негізгі бағыттарын айқындайды және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін болжамды жағдайларды қамтамасыз етуге арналған.

Әлішер Әбдіқадыров, Аlatau city authority бас атқарушы директоры:

Лондон, Берлин және Майндағы Франкфурт қалаларындағы Alatau City инвестициялық роуд-шоуының нәтижелері бойынша 170-тен астам компанияның өкілдері, соның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындар, банктер және инвестициялық қорлар қатысты. Жалпы сомасы $2 млрд-тан астам 27 құжатқа қол қойылды. Еуропалық серіктестер инфрақұрылымды қалыптастыруға, өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруға және қаланың дамуын қаржыландыруға қатысуға жоғары қызығушылық танытуда.

Дэн Рингельштейн, ARUP компнаиясының қалалық даму, жоспарлау және дизайн жөніндегі директоры:

Ұзақмерзімді даму жоспары қала аумағында жеке секторда жоспарлаған жобаларды жүзеге асыруды жеделдетуге ықпал ететін болады. Біз қазірдің өзінде Alatau City-ге айтарлықтай қызығушылық барын байқап отырмыз. Оны одан әрі арттыра түсу үшін қосымша серпін беруге тырысамыз. Ұзақмерзімді даму жоспары инвесторлардың сенімін нығайтуға, жобаларды жедел үйлестіруге, сондай-ақ қаланың одан әрі өсуі үшін қажетті инфрақұрылымды құруға мүмкіндік береді.

Бөлісу