Басты Жаңалықтар Астанада 500-ден аса қандас студент бас қосты

Астанада 500-ден аса қандас студент бас қосты

«Жастар. Мүмкіндік. Болашақ». Астанада 500-ден астам қандас студенттің басын қосқан форум өтті. Жиынға Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Ресей және Қырғызстаннан Қазақстанға келіп білім алып жүрген жастар қатысты. Бағдарлама аясында 4 мотивациялық сессия ұйымдастырылды. Онда еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеру, біліктілікті арттыру және кәсіп бастау тақырыптары көтеріліп, қатысушыларға кеңес берілді.

Айта кетейік, жыл сайын елімізге білім алу үшін 3 мың қандас келеді. Олар жоғары оқу орындарына 3 түрлі бағдарлама арқылы қабылданады.

Ырысқали Дәуренбек, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті:

Foundation аясында 1500 қандасымыз келіп, алғашқы білім курстарына қатысып, мамандықтарын таңдап, кейін университетке түсуге мүмкіндік алады. Екіншісі - ол бізде мемлекеттің берген 4 пайыздық гранты бар. Сол бойынша жыл сайын 3 мыңға жуық қандасқа арнайы грант беріледі.

Рүстем Айткерім

Бөлісу