«Ардагерлерді ардақтайық!». «Нұр Отан» партиясы осындай жоба аясында қарияларға арнап ерекше орталық ашты. Енді қала қарттары мұнда жиі бас қосатын болды. Орталықта бірнеше үйірме бар. Ділмар үйірмесінде ұлағатты ақсақалдар бата жаттап үйренсе, саз әлемінде ауылдың алты ауызын айтып, аспаптарда ойнап, көңіл көтереді.
Қара жорға үйірмесінде денешынықтырумен айналысса, IT сыныбында компьютерлік сауатын ашады. Тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат ойнап, бір-бірімен әңгімелесіп, өскелеңге өнеге болар мәселелерді талқылайды. Айта кетейік, Алматы облысында 100-ден асқан 50-ге жуық қария өмір сүріп жатыр.
Ғабит Тұрсынбай, Алматы облыстық ҚХА төрағасының орынбасары:
Өздері сияқты, өздерімен қатар құрбы-құрдастарымен бір жерде бір мезет жиналып осындай ортаға өздерінің өнегесін жастарға көрсетіп, тәжірбиесін беріп жатса одан артқан бақыт жоқ сияқты үлкен кісіге де.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.