Тәрбиелік шарада олар майдан даласындағы қиындықтар мен қаруластарының ерлік істерін еске алды. Ал, оқушылар Ауғанстандағы қарулы қақтығыстар жайында сахналық көрініс көрсетті.
Кездесу барысында Ауғанстанда әскери борышын өтеген жауынгерлерге мерекелік медаль табысталды. Жалпы, Түркістан облысы бойынша Ауған соғысына 2 286 бозбала аттанған. Қазір сол сарбаздардың екі мыңға жуығының көзі тірі. Биылғы мерекеге орай оларға әкімдік тарапынан бір реттік сыйақы берілмек. Мектеп оқушыларымен болған жүздесуден соң Ауған соғысының сарбаздары соғыс ардагерлеріне орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Жұмабай Қайранбаев, ауыл тұрғыны:
- Бұлар нағыз от пен шоқтың ортасында жүрген кісілер. Сол үшін олардың да статусын ІІ Дүниежүзілік соғыстың ардагерлерімен бірдей етіп, көтеру керек.
Шәріпбек Бибеков, Ауған соғысының ардагері:
- Осылай ақпан, мамыр айында әрбір мектепке барып, осындай тәрбие сабақтарын өткіземіз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Соғыс болмасын.
Ғани ҚАЛМАХАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.