Қызылордада көші-қон қызметтері орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада көші-қон қызметтері орталығы ашылды

12.02.2019

Енді аймаққа келетін  мигранттардың  құжаттарын заңдастыру тез әрі оңтайлы жүргізіледі.  Бұрын мұндай орталықта шетелдіктерге  жұмыс істеуге рұқсат құжат пен ел аумағына уақытша келетіндерге жеке сәйкестендіру нөмірі ғана берілетін. Енді шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды тіркеу, елден тысқары аймаққа тұрақты тұратындардың құжаттарын рәсімдеу, виза беру секілді қызметтер «Бір терезе» қағидаты негізінде көрсетіледі. Былтыр облысқа 37 мыңға жуық шет ел азаматы келген.

 Икболжон Расулов, Өзбекстан азаматы:

- Мен Өзбекстаннан келдім. Үш ай бұрын келгенмін. Бәрі бір жерде екен.

Айнұр Тобаева,«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ облыс бойынша филиалы директорының орынбасары:

- Қазіргі таңда бұрын 5 күн жасалатын мемлекеттік қызметтер 1 сағатқа қысқартылып жатыр. Мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік стандартқа сәйкес жүргіземіз. Барлық қызметтер автоматтандырылған. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу