Жергілікті полиция көлікті жүргізу куәліктерін де ақшаға сатып келген сыбайлас топты да әжкереледі. Көлеңкелі істі кәсіп еткендер тапсырыс берушінің құжатқа қажетті деректерін жинап, өзін суретке түсіріп алса болғаны. Бірнеше тәулік ішінде жүргізуші куәлігін дайын етіп қолына ұстатып отырған. Соның салдарынан жол ережелері мен қауіпсіздік талаптарын білмейтін көлік жүргізуішілері көбейген. Соған байланысты департамент мамандары барлық аудан, қалада тексеріс жүргізуде.
Ғалымжан Есімов, Түркістан облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:
- Сол жерге келген адамдарды жинап алып, ақшасын алады. Суретке түсіріп алады. Олар Алматыға апарып істеп әкеледі. Кезінде сондай істің 100-ге жуығын анықтап, департаментке тапсырғанмын.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.