Шымкентте тойханалар табысын жасырып келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте тойханалар табысын жасырып келген

29.01.2019

Шымкенттік  кәсіпкерлер той-думаннан көл-көсір табыс тапса да, салық төлеуге келгенде сараң. Соның салдарынан былтыр қазына кірісі - 7 млрд. теңгеге кеміген. Көлеңкелі экономиканың белең алуына жол бергендердің дені - тойханалар, қонақ үйлер, ойын-сауық кешендерінің қожайындары. Бүгінгі таңда алып шаһарда 118 тойхана жұмыс істейді. Олардың дені іші-сырты қымбат құрылыс материалдарымен әспеттелген ғимараттың бір шаршы метрін небәрі 15-20 мың теңгеге бағалаған. Ал, көптеген мейрамханалар қызмет көрсетуші жұмыскерлер санын жасырады. Мұндай кәсіпкерлердің тізімі анықталып, оларға бір ай уақыт берілді. Осы мерзім ішінде олар қитұрқы әрекетінен бас тартпаса айыппұл төлейтін болады.

Нұралхан Көшеров, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы:

- Өздеріңізге белгілі, орташа тойханада кем дегенде 30-дан аса адам қызмет жасайды. Мысалы, кәсіпкер Сартаев 2017-2018 жылдарда мүлдем салық төлемеген. Ал, сырттай бақылау кезінде 52 адамның жұмыс істейтіні анықталды.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу