Алматы облысының судьялары ұлттық киім киіп, атқа мініп, сейіл құрды. Бұл – Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын қолдау шарасы. Жылқыны қолға үйрету мен атқа міну мәдениеті туралы ойдан шабыттанған үшінші билік өкілдері тұлпар тізгіндеп, игі дәстүрлерді жаңғыртты. Қазақ даласында төрелік еткен би-шешендердің ізін жалғаушы ретінде көрініс көрсетіп, бастаманы эстафета ретінде ұйымдастырды. Екі апта бойы Жетісудың жеті өзенінің жағасында орналасқан аудандардың судьялары жылқыға байланысты әдет-ғұрып, дәстүрлерді әңгімелеп, әлеуметтік желі арқылы бір-біріне жіберіп отырды. Бұл игі бастаманы Алматы облысының судьялары оңтүстіктегі әріптестеріне жолдады.
Мейрамбек Таймерденов, Алматы облыстық сотының төрағасы:
- Жылқы әр уақытта таза жерден шөп жейді, таза жерден су ішеді. «Жылқы - ер қанаты».
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.